Биыл облыстық "Amanat" партиясы филиалына 2 936 өтініш түсті. Оның ішінде 1 112 өтініш оң шешім тапты. Ал 1 497 тұрғынға заң аясында кеңес берілді. Қалған 327 өтініш қаралып жатыр. Бұл туралы «Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы кезектен тыс өткен XXXVII конференцияда Нұрбек Қарасаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
2022 жылдың 20 желтоқсанға дейін қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 867 қабылдау жүргізіліп, 1808 азаматтың мәселесі қаралды. Сондай-ақ өзекті мәселелерді шешу құзыретіне кіретін жергілікті мемлекеттік органдары, департамент, басқарма, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен 77 көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. 107 азаматтың арыз-өтініші қаралды.